Футбол

Еуро-2024: түркиялық Арда Гюлер Роналдудың рекордын жаңартты

Түркиялық футболшы Арда Гюлер Еуропа чемпионатының тұсаукесер ойынында гол соққан Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты.

Түркия футболының жұлдызы өз құрамасының Грузиямен кездесуінде негізгі құрамда жасыл алаңға шықты. Ойынның 65-минутында мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Осылайша ол құрлықтық дода тарихында тұсаукесер ойынында гол соққан ең жас футболшы (19 жас, 114 күн) атанды.

Арда Гюлер бұл голының арқасында Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жиырма жыл сақталған рекордын жаңартты.

Криштиану Роналду 2004 жылы тұсаукесер ойынында 19 жас, 128 күн толған сәтте Грекия құрамасына гол соққан еді.

Арда Гюлер 2005 жылдың 25 ақпанында дүниеге келген. 2021-2023 жылдарда түркиялық «Фенербахче» командасының намысын қорғаса, 2023 жылдан бері Испанияның «Реал Мадрид» командасына ауысты.

Еске салсақ, Түркия құрамасы Грузияны 3:1 есебімен жеңді.