Paul Gilham / Getty Images

Дөп медиа

29 июня, 2024

195

Футболшы құм алып келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан

Камерун ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ландри Н’Гемо 38 жасында жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды.

27 маусымда Яунде қаласының (Камерун) маңында футболшы рульге ие бола алмай қалып, құм алып келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Н’Гемо жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ландридің қазасын бұрын өзі өнер көрсеткен француздың «Сент-Этьен» клубы әлеуметтік желідегі парақшасында растады.

«Ландри Н’Гемо енді арамызда жоқ. Тым ерте, тым тез. ASSE үшін қаралы күн. Барлық жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген клубтың X-тегі парақшасында.

Камерун футбол федерациясының басшысы Самуэль Это'О Н’Гемоның қазасына байланысты оның туыстарына көңіл айтқан. 

Камерун құрамасы сапында Ландри Н’Гемо 42 матчқа қатысып, үш гол соққан. Ал ол ойнаған клубтар қатарында «Нанси», «Селтик», «Бордо», «Сент-Этьен», «Акхисар Беледиеспор», «Кайсериспор» және «Конгсвингер» болған.