globallookpress.com

Дөп медиа

24 июня, 2024

141

Жартылай финалда жерлесіміз әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесуі мүмкін

Мадридтегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында жерлесі Юлия Путинцевадан басым түскен Елена Рыбакина осы матчқа қатысты пікір білдірді.

Кездесу үш сағатқа созылды. Ойын жеңімпазы үш сет қорытындысы бойынша анықталды. Тартысты өткен кездесуде әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіске жетті – 4:6, 7:6, 7:5. 

Айта кету керек, шешуші үшінші сетте әлемдік рейтингіде 50-орынға жайғасқан Путинцева 5:2 есебімен алда тұрған. Алайда, бес гейм қатарынан жеңіліп, жеңісті уысынан шығарып алды.

«Бұл шынымен де өте ауыр ойын болды. Оңай болмайтынын білгенмін. Бірақ сәттірек бастаймын деп үміттендім. Оралу қиын екен. Есеп 2:5 болып тұрғанда барлық эмоциям мен құлазыған көңілімді ретке келтіруім керек деп шештім. Сөйтіп ойын қарқыны өзгерді. Юлия көбірек ашулана бастады. Оның кейбір қателіктері маған көмек болды. Ойынымды жалғастыра бердім. Жеңіске жеткеніме қуанып тұрмын», - деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Mutua Madrid Open финалына шығу үшін Рыбакина Елена Мирра Андреева (№43) - Арина Соболенко (№2) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

«Кім жеңетінін көреміз. Арина жеңіске жетсе, ол – ұлы жеңімпаз. Әдеттегідей қиын айқас күтіп тұр. Мирра жеңсе, ол жас, жоғалтатын ештеңесі жоқ, сондықтан тайынып қалмайды. Не күтеріңді ешқашан білмейсің. Бастысы, соған дейін қалыпқа келіп үлгеруім керек», - деді қазақстандық теннисші.

Ескеретін жайт, екеуара кездесуде Рыбакина бірінші рет Путинцеваны жеңді. Бұған дейін Юлия 2:0 есебімен алда тұрған.