Ресейдің Украина жерінде соғыс жүргізуіне байланысты Лигада өнер көрсететін клубтардың бәрі оған қатысудан бас тартқан

ВТБ Біріккен лигасы кеңесі өтіп, қабылданған бірқатар шешім туралы белгілі болды. Іс-шара барасында қатысушылар құрамы анықталып, чемпионаттың алдағы маусымдағы регламенті мен форматы айқындалды.

Біріккен лига баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа маусымда 12 команда өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ресейдің «Автодор», «Енисей», «Зенит», «Локомотив-Кубань», МБА, «Пари Нижний Новгород», «Парма», «Самара», УНИКС, «Уралмаш», ЦСКА секілді 11 команда және Қазақстаннан «Астана» баскетбол клубы бар. 

Айта кетейік, соңғы маусымда Лигада Мәскеудің ЦСКА-сы топ жарған. Финалда әскерилер Қазанның ЦСКА клубынан басым түсіп, турнирде 11-рет топ жарды. 

ВТБ Біріккен лигасы – 2008 жылы құрылған баскетбол турнирі. Жарыс Шығыс және Солтүстік Еуропа клубтарын біріктірген болатын. Ал 2011 жылы Еуропа чемпионаттарының арасында екінші орынға көтерілген. Дегенмен, соңғы жылдары Ресей билігінің әрекетіне қарсы шыққан еуропалық клубтар турнирге қатысудан бас тартты. Осылайша «Астана» Біріккен лигада бақ сынайтын жалғыз шетелдік клуб болды.