Жобаға ФИФА техникалық директоры Арсен Венгер қолдау көрсетті.

Талғарда орналасқан ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншыларынан құралған ұлттық академияның ашылу рәсімі өтті. 

Ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов, Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов және ұлттық құрама ойыншысы Аслан Дарабаев қатысты.

Қазақстан жастар құрамасы

Жобаға ФИФА техникалық директоры Арсен Венгер қолдау көрсетіп, ұлттық академияның бас бапкері қызметіне ағылшындық маман Стюарт Джон Холл тағайындалды. Бас бапкердің жетекшілігімен жыл басынан бері еліміздің түкпір-түкпірінен 1300-ден астам 15 жасқа дейінгі ойыншы іріктеуге қатысты. Іріктеуден іркілмей өткен 25 футболшы енді Талғарда орналасқан ұлттық академияға қабылданды. Әрі қарай Қазақстан U-15 ұлттық академиясы ФИФА және УЕФА ұйымдастырған халықаралық турнилерге қатысады.